Астана қаласындағы №77 мектеп-гимназиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 9-10- сыныптар арасында лекция сабақ өткізілді. Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша педагог-ұйымдастырушы қазақ тілі мұғалімі Ботакөз Жүнісқызы Құлжаева «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» атты тақырыптағы лекция-сабақты презентациямен таныстырды. Оқушылар сұрақ-жауап түрінде өткізілген сабаққа белсенді қатысты. Оқушылар түсінбеген термин сөздеріне түсінікті ақпарат ала алды. Өздерінің бұл термин бойынша не түсінетіндігін ортаға салып, класстер түрінде құрастырып берді. Қажетті ақпараттың өмірде маңыздылығын, алдын-алу шараларына байланысты ұсыныстар айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назым Базылбекқызы Жетпысбаева сыбайлас жемқорлықтың Қазақстан Республикасына, Астана қаласына, мектебімізге келтіретін зияны туралы не ойлайтыны туралы сұрады. Оқушыларға қосымша мәлімет беріп бұл мәселеге байланысты өз тараптарынан не жасауға болатыны туралы талқыланды.